Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз

МАҚАЛАНЫ ЖАРИЯЛАУ ҮРДІСІ

«ABAI CHEMICAL SCIENCES» журналында ғылыми мақаланы жариялау бірнеше кезеңнен тұратын үдеріс болып табылады және ол жоғары ғылыми деңгейді, академиялық адалдықты және журналдың редакциялық саясатына сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған.

1. Бастапқы редакциялық сараптама

Қолжазба редакцияға келіп түскеннен кейін оның журналдың тақырыптық бағыты мен профиліне сәйкестігі, сондай-ақ рәсімдеу және техникалық талаптарға (құрылымы, аннотация, түйін сөздер, әдебиеттер тізімі) сәйкестігі алдын ала қарастырылады.

Бастапқы қарастыру мерзімі қолжазба түскен күннен бастап 14 күнтізбелік күнге дейін құрайды.

Осы кезеңнің нәтижесіне сәйкес мақала:

- рецензиялауға жіберілуі;

- авторға түзетуге қайтарылуы;

- немесе қосымша қарастырусыз қабылданбауы мүмкін.

2. Түпнұсқалылықты тексеру

Барлық қолжазбалар міндетті түрде антиплагиат жүйесі арқылы тексеруден өтеді.

Рұқсат етілетін ең төменгі түпнұсқалылық деңгейі — 75%.

Антиплагиат жүйесіндегі мәтіндердің ұқсастық коэффициенті: ҰК1 – 30%, ҰК2 – 5%, өзін-өзі дәйектеу коэффициенті (ДК) – 10%-дан аспауы тиіс.

Егер талапқа сәйкес келмеген жағдайда, мақала авторға 10 күнтізбелік күнге дейін түзетуге қайтарылады. Белгіленген мерзім ішінде автор түзетілген нұсқаны ұсынбаса немесе редакциямен байланысқа шықпаса, қолжазба қарастыру және жариялау үдерісінен автоматты түрде алынып тасталады.

Қайта жіберу тек жаңа, елеулі түрде өңделген жұмыс ретінде мүмкін болады.

3. Рецензиялау

Бастапқы іріктеуден өткен мақалалар қосарланған жасырын рецензиялау (double-blind peer review) рәсіміне жіберіледі. Рецензиялау мерзімі 21 күнтізбелік күнге дейін. Түзету қажет болған жағдайда авторға 10 күнтізбелік күн беріледі. Егер түзетілген нұсқа белгіленген мерзімде ұсынылмаса немесе автор тарапынан жауап болмаса, қолжазба қарастырудан алынып, ресми түрде қайтарылған (withdrawn) деп есептеледі.

4. Редакциялық алқа шешімі

Қорытынды шешімді бас редактор және редакциялық алқа рецензия нәтижелеріне сүйене отырып қабылдайды.

Осы кезеңдегі қарастыру мерзімі 7 күнтізбелік күнге дейін құрайды.

Мақала бекітілгеннен кейін ол журналдың кезекті санына енгізіледі.

5. Мақаланы жариялау

Барлық кезеңдер аяқталғаннан кейін мақала журналдың электрондық және/немесе баспа нұсқасында жарияланады.