ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНУ
Редакцияның қолжазбаларды тексеруі
Академиялық адалдықты, ғылыми зерттеулердің ашықтығын қамтамасыз ету және халықаралық жарияланым стандарттарын сақтау мақсатында журнал редакциясына түсетін барлық қолжазбалар плагиат белгілеріне және ЖИ (жасанды интеллект) технологияларын қолдану арқылы жасалған контенттің бар-жоғына міндетті түрде тексеріледі. Тексеру мамандандырылған бағдарламалық құралдар, соның ішінде антиплагиат жүйелері мен ЖИ-ді анықтау құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Рұқсат етілген қосымша қолданыс
Жасанды интеллектіні қолдануға тек ғылыми жұмысқа техникалық және редакциялық қолдау көрсету үшін қосымша құрал ретінде ғана рұқсат етіледі және ол дербес зерттеу, талдау және авторлық қызметті алмастырмауы тиіс.
Жасанды интеллектіні пайдалану тек қосымша сипатта болуы және келесі критерийлерге сәйкес келуі керек:
- зерттеудің авторлық бірегейлігінің сақталуы;
- дербес ғылыми талдаудың болуы;
- нәтижелердің шынайылығы мен тексерілу мүмкіндігі;
- ғылыми уәждердің (аргументацияның) дұрыстығы;
- цифрлық құралдарды қолданудың ашықтығы.
Жасанды интеллектіні келесі мақсаттарда қолдануға жол берілмейді:
- автордың қатысуынсыз ғылыми нәтижелерді генерациялау (генерация жасау);
- мақаланың маңызды бөлімдерін автоматты түрде жазу;
- жалған ғылыми деректерді, дереккөздерді немесе библиографиялық сілтемелерді жасау;
- авторлық талдау мен ғылыми интерпретацияны алмастыру;
- зерттеу қызметін имитациялау (жалған көрсету).
Жасанды интеллектіні қолданудың рұқсат етілген деңгейі
Журналдың ғылыми мақалаларында жасанды интеллектіні пайдаланудың рұқсат етілген деңгейі автоматты түрде тексеру құралдарымен анықталады және орташа есеппен келесідей болады:
- 10%-ға дейін - ЖИ-ді шектеусіз қолданудың рұқсат етілген деңгейі;
- 11%-дан 20%-ға дейін - ЖИ контентінің деңгейін төмендету мақсатында мақала авторларға міндетті түрде өңдеуге жіберіледі;
- 20%-дан жоғары - қолжазба журнал талаптарына сәйкес келмейді деп танылады және оны редакция қабылдамайды (кері қайтарады).
Редакция ЖИ көмегімен мәтінді шамадан тыс генерациялау белгілері анықталған жағдайларда материалдарға қосымша сараптамалық бағалау жүргізу құқығын өзіне қалдырады.
ЖИ қолданудың ашықтығы
Жарияланым этикасын бұзу
Тиісті авторлық өңдеусіз және ғылыми талдаусыз, негізінен жасанды интеллект арқылы жасалған қолжазбаны ұсыну жарияланым этикасын бұзу ретінде қарастырылады.
Осындай бұзушылықтар анықталған жағдайда редакция мыналарға құқылы:
- қолжазбаны қайта қарау құқығынсыз кері қайтаруға;
- аталған жарияланым бойынша авторлармен бұдан былайғы байланысты тоқтатуға;
- журналдың редакциялық саясатына сәйкес өзге де шараларды қолдануға.
Этикалық талаптар
Жасанды интеллект құралдары ғылыми мақаланың авторы немесе қосалқы авторы ретінде көрсетіле алмайды, өйткені олардың ғылыми жауапкершілігі жоқ және халықаралық жарияланым этикасы стандарттарында көзделген міндеттемелерді мойнына ала алмайды.
Авторлар ЖИ көмегімен алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан бағалауға, алгоритмдердің ықтимал қателіктерін, дәлсіздіктерін және біржақтылығын ескеруге, сондай-ақ ұсынылған барлық ақпараттың шынайылығын тексеруді қамтамасыз етуге міндетті.
Авторлардың жауапкершілігі
Авторлар ғылыми мақаланың мазмұнына, ұсынылған мәліметтердің шынайылығына, интерпретациялардың, ғылыми қорытындылардың, библиографиялық сілтемелердің дұрыстығына және жарияланым этикасы нормаларының сақталуына толық жауапты болады. Барлық негізгі ғылыми ережелер, аналитикалық тұжырымдар мен зерттеу нәтижелері авторлардың дербес зияткерлік қызметінің нәтижесі болуы тиіс.
