ТРАНСЛИТЕРАЦИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Әдебиеттер тізімі» (References) бөлімі ғылыми мақаланың міндетті элементі болып табылады және библиографиялық мәліметтерді халықаралық АРА форматында ұсынуға арналған. Әдебиеттер тізімі негізгі пайдаланылған әдебиеттер тізімінен кейін бөлек блок болып беріледі және жарияланым тіліне қарамастан, автордың жұмысында пайдаланған барлық дереккөздерін толық қайталауы тиіс.
Халықаралық деректер базасында библиографиялық мәліметтердің дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету үшін транслитерация белгіленген ережелерге сәйкес орындалады.
Қазақ тілді дереккөздерді транслитерациялау
Қазақша мәтінді транслитерациялау «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлыққа сәйкес ресми бекітілген қазақ тілінің латын әліпбиі негізінде жүзеге асырылады. Автоматты түрде түрлендіру үшін QazLat онлайн-сервисін қолдану ұсынылады — https://qazlat.kz.
Латын графикасына негізделген қазақ тілінің
ӘЛІПБИІ

Орыс тілді дереккөздерді транслитерациялау
Орысша мәтінді транслитерациялау BSI (British Standards Institution) жүйесін қолдану арқылы орындалады. Транслитерацияланған мәтінді дайындау үшін Translit.ru онлайн-конвертерін пайдалану ұсынылады — http://www.translit.ru.
Сервиспен жұмыс істеу кезінде транслитерацияның BSI нұсқасын таңдап, содан кейін авторлардың тегін, журнал атауларын, баспаларды және библиографиялық сипаттаманың басқа да элементтерін түрлендіру қажет.
Библиографиялық сілтеменің құрылымы
Қазақ және орыс тілдеріндегі жарияланымдар үшін келесі библиографиялық жазба құрылымы ұсынылады:
Автор(лар). Жарияланымның транслитерацияланған атауы [Атаудың ағылшын тіліндегі аудармасы]. Басылымның транслитерацияланған атауы [Басылым атауының ағылшын тіліндегі аудармасы]. Жарық көрген жылы. Томы (нөмірі). Беттері.
Ресімдеу үлгісі
Ivanov I.I., Petrov P.P. Formirovanie professional'nykh kompetentsii budushchikh pedagogov [Formation of Professional Competencies of Future Teachers]. Vestnik Kazakhskogo natsional'nogo universiteta imeni al'-Farabi. Seriya pedagogicheskikh nauk [Journal of Educational Sciences]. 2024. Vol. 79 (3). pp. 45–56.
Атаудың аудармасы транслитерацияланған нұсқадан кейін бірден шаршы жақшаға алынып жазылады және дереккөздің түпнұсқа атауын алмастырмайды. DOI болған жағдайда, оны библиографиялық сипаттаманың соңында көрсету міндетті.
Автордың жауапкершілігі
Мақала авторы библиографиялық мәліметтердің шынайылығына, транслитерацияның дұрыстығына, дереккөз атауларының ағылшын тіліне аударылу сапасына, сондай-ақ әдебиеттер тізімінің негізгі пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес келуіне дербес жауапты болады. Дереккөзді әдебиеттер тізіміне енгізбес бұрын авторға кісі аттарының, географиялық атаулар мен арнайы терминдердің дұрыс берілуін тексеру ұсынылады. Редакция библиографиялық сілтемелерді журналдың бірыңғай талаптарына сәйкес келтіруге байланысты техникалық түзетулер енгізу құқығын өзіне қалдырады.
Әдебиеттер тізімі (References) бөлімінің дұрыс ресімделуі мақаланы қарауға қабылдаудың қажетті шарты болып табылады және жарияланған ғылыми жұмыстардың халықаралық деңгейде көрінуі мен дәйексөз алу белсенділігін (цитируемость) арттыруға ықпал етеді.
